«Қазконтент» ребрендинг жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазконтент" акционерлік қоғамы ребрендинг жасап, өзінің құрамына енетін бірқатар интернет-ресурсты жаңартты. Бұл туралы strategy2050.kz сайтында хабарланды.   

«Қазконтент» ребрендинг жасады

Мәселен, «Қазконтенттің» логотипі өзгеріп, оның атауын бұдан былай, латын форматында «Qazkontent» деп жазу ұйғарылған. «Қазконтент» құрамындағы интернет-ресурстар әлемнің барлық елдерінде оқылатынын айта кеткен жөн. 

Сонымен қатар Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі өз интерфейсін өзгертті. Сайт анағұрлым тартымды бола түсіп, онымен жұмыс істеу жеңілдеді. Baq.kz ақпараттық агенттігі де хабар тарату форматын өзгертті. 

Бұдан бөлек, «Қазконтент» өзінің жаңа интернет-маусымын таныстырды. Оған сәйкес, АҚ-ның құрамына енетін сайттар жаңа форматтағы жұмысқа көшеді. Ұсынылған сайттардың әрқайсысында жаңа жұмыс нұсқасы, жаңа жобалар болады. Олар оқырманның сайтпен жұмыс істеуін оңайлатуға бағытталған және жаңалықтар сапасын едәуір жақсарта түспек.   

Мысалы, «Strategy2050.kz» АА өз ресурсында "Стратегия" пікірталас клубының сарапшыларына арналған алаң ұсынады. Онда онлайн-режімде  өзекті тақырыптар талқыланатын болады.

Онымен қоса, "Қазконтент" өзінің жаңа интернет-каналын ұсынбақ.