«Қазмедиа орталығындағы» апат жойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазмедиа орталығындағы» апат жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазмедиа оталығындағы» апат жойылды. Трансформатордағы өрт сөндірілді. Телерадио арналар хабар таратудың резервтік форматына көшірілді», - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Facebook парақшасында.
Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері «Д.Қонаев көшесі, 4» мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткенін хабарлаған болатын.
Ведомство мәліметінше, сағат 21:12-де өрт толығымен сөндірілген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, тілсіз жаудың шығуына аккумулятор батареяларының өртенуі себеп болған.