Қазмедиа орталығының медиамектебінде «Жаңалықтар командасы» семинары өтеді

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазмедиа орталығын» басқарушы компаниясы» ЖШС медиамектебінде 9-11 қыркүйек аралығында жаңа оқу жылының ашылуына орай,«Жаңалықтар командасы» атты семинары өтеді, деп хабарлады басқарушы компанияның баспасөз қызметі.

Қазмедиа орталығының медиамектебінде «Жаңалықтар командасы» семинары өтеді

Семинарға шығарушы редакторлар, репортерлер, ұлттық телеарналардағы ақпарат қызметінің продюсерлері, сондай-ақ олардың жергілікті өкілдері шақырылды.

Курсты «BBC World Trust» және АНО «Internews» халықаралық сертификатталған медиажаттықтырушысы, журналисттер арасында өткен түрлі кәсіби байқаулардың лауреаты және дипломанты Денис Вишня өткізеді.

Семинардың негізгі тақырыптары: «ТВ-да жаңалықтарды қалай жасау керек», «Ақпарат оқиғаларын іздеу және ақпарат көздерімен жұмыс жасау», «Сұхбат алудың тиімді тәсілдері».

«Медиа мектеп» масс-медиа саласындағы мамандарды дайындауда әр түрлі курстар, арнайы семинарлар жүргізумен айналысады. Бұл - қазіргі заманға сай білім беру орталығы, «Қазмедиа орталығының» технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, мұнда теория озық тәжірибеге астасады. Медиа мектептің басты міндеті - үздік технологиялар мен әлемдік алдыңғы қатарлы мамандар тәжірибесі негізінде жергілікті БАҚ өкілдерінің, БАҚ қызметкерлерінің білім алу мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру.