«Қазмедиаорталық» әлемдегі ең таңдаулы жабдықтармен қамтамасыз етілген - Елбасы
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Қазмедиаорталық» әлемдегі ең таңдаулы жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Бұл туралы Астанадағы «Қазмедиаорталық» телерадиокешенінде болған баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
«Біз жабдықтарды 33 млн. теңгеге сатып алдық. Мемлекет БАҚ еліміздің бәсекелестікке жарамдылығын, біздің жетістіктеріміз бен табыстарымыздан хабардар ететін, мәдениетті қалыптастыра отырып қоғамды тәрбиелейтін аса маңызды сала екенін түсінеді», -деп атап өтті Н.Назарбаев.
Елбасы сонымен қатар жаңа телерадиокешенінде орналасатын телеарналардың, жалпы БАҚ-ы жұмыстарының сапасы жақсара түсетініне үміт артатынын айтты. Президенттің айтуынша, қазақстандық контент 50 пайыздан артық болуы тиіс. Телерадиокешеннің жабдықтары толықметражды фильмдер мен сериалдарды түсіруге көмектеседі. Сондықтан да ұсынылып отырған барша мүмкіндікті пайдалану керек.