«КазМедТех» АҚ Қарағанды ауруханасына бірегей жабдық жеткізді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Алғаш рет Қарағанды облысындағы мемлекеттік ауруханада «КазМедТех» АҚ берген құрылғымен тіліксіз урологиялық ота жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«КазМедТех» АҚ Қарағанды ауруханасына бірегей жабдық жеткізді

Отаны жасауға Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы қаржы лизингі бағдарламасы арқылы «КазМедТех» акционерлік қоғамынан сатып алған заманауи құрылғы қолданылды.   
 

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірдегі мұндай бірінші отаға қатысты. Науқастың жасы 66-да, бұрын инсульт болған. Оған тілік арқылы жасалатын оталар, дәрігерлердің тілімен айтқанда, травматикалық ота жасауға тыйым салынған. Операция 25 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында науқас есін біліп жатты. Операциялық залда бір уақытта Қарағанды ауруханасының дәрігерлері үшін жаңа медициналық құрылғының шеберлік сабағы өтті. Бұл сабақты ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының танымал уролог-дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Павел Шолох өткізді.

Бес жылдық тәжірибесі бар хирург Фархат Шамшиев ота залындағы шеберлік сабағына шәкірт ретінде қатысып, жаңа құрылғының мүмкіншілігін жоғары бағалады. «Бұл машинаның мүмкіншілігін ғажайып деп атауға болады. Енді адамның денесін тілудің қажеті жоқ. Барлық хирургиялық құралдар ауырсынатын дене мүшесіне табиғи жолмен - несеп жолы арқылы кіреді. Әсері айқын - науқасқа ұзақ уақыт бойы ауруханада жатып, жараларын таңып, дәрі-дәрмектер қабылдаудың қажеті жоқ», - деді Фархат Шамшиев.
 

«КазМедТех» АҚ-ның арқасында бағасы тым қымбат болған жаңа медициналық құрылғы тұрғындар үшін қолжетімді болды. Құпиямен бөлісейін, «КазМедТех» АҚ-ның қолдауымен №1 қалалық ауруханасы сатып алған бұл құрылғы ҚР Президенті іс басқармасының клиникасында да жоқ», - деді баспасөз мәслихатында жоғары санатты дәрігер Павел Шолох. 

Лизинг бойынша №1 қалалық ауруханаға медициналық лазерлік жүйемен урологиялық операция жасау үшін видеоэндоскопиялық кешен және электрохирургиялық аппарат сатып алып орнатылды.

«Жаңа жабдықтың арқасында урологиялық бейін бойынша көрсетілетін қызметтер спектрі елеулі кеңіп келеді, - деді баспасөз мәслихатында облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Хорошаш. -  Біздің өңірде несеп-жыныс жолдары ауруы басқа ауру түрлеріне қарағанда жиі кездеседі. Бұл судың сапасыздығынан, яғни су құрамында тұз, оксалат, урат көп. Мұның барлығы халықтың несеп-жыныс жолдары ауруларына көп шалдығуына алып келеді. Осыған байланысты өткен жылы №1 қалалық ауруханада урологиялық орталық ашылып, «КазМедТех» компаниясы ұсынған қолжетімді жағдай есебінен қаржы лизингі бағдарламасы бойынша әлемдік санаттағы жабдық орнатылды».
 

Лизингтік жүйенің артықшылығы  - ауруханалар мен емханалар бүгіннің өзінде қымбат жабдықты бюджетке жүк түсірмей пайдалана алатындығында. Қаржы лизингінің арқасында жабдықты сатып алуға төлем бірнеше жыл ішінде жүргізіледі. «КазМедТех» АҚ-да сыйақының ең төмен пайызы -  5 пайызға дейін.

«КазМедТех» пайданың соңына түспейтін, қазақстандықтардың денсаулығына қамқорлықпен қарайтын, әлеуметтік бағдарланған,  отандық медицинаны жаңа деңгейге көтеруге тырысатын  компания екеінін дәлелдеді.

№1 қалалық аурухананың бас дәрігері Дмитрий Черновтың айтуынша, клиника «КазМедТех» компаниясы тарапынан қолдаудың арқасында заманауи  жабдық сатып алды.

«Әлем бір орында тұрмайды, дүние жүзінің жетекші клиникаларында пайдаланылатын технология дамып жатыр. Енді базалық модуль -видеоэндоскопиялық кешен пайда болды. Алдағы уақытта урологияда да, травматологияда, хирургияда, гинекологияда да пайдалануға мүмкіндік болады», - деп атап өткен Дмитрий Чернов, сондай-ақ «КазМедТех» оларды «Dornier» және «Olimpus Corporation» секілді беделді халықаралық компаниялар шығарған құрылғымен қамтамасыз етіп отығанын тілге тиек етті.
 

«КазМедТех» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Руслан Нұрмұхановтың айтуынша, компанияның негізгі қызметі лизингтік қызмет, яғни, қаржы лизингі жағдайында мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін 5-тен 50 миллион теңгеге дейін медициналық техника беру болып табылады.

«Біздің қызметіміздің екінші түрі - медициналық техниканың құнын және клиникалық-техникалық негіздемесіне және техникалық сипаттамасына сараптама жасау. Бұл жерде баға қаншалықты негізді, медициналық техника сатып алу орынды ма, осыған талдау жасалады. Үшінші бағыт - лизингке берілетін медициналық техника және басқа да медициналық жабдық бойынша сервистік қызметті жетілдіру», - деді Руслан Нұрмұханбетов.

Руслан Нұрмұханбетов Қарағанды облысы «қаржы лизингі жағдайында медициналық техниканы жаңартуды енгізу» бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті.

«Қарағанды облысымен бірлесіп біздің компания жергілікті бюджет есебінен 148 жобаны іске асырды. Қарағанды өңірі - жергілікті бюджет есебінен лизингтік төлемдерді қаржыландыру-орнын толтыруды енгізгендердің бірі. Бұдан бұрын қаржыландыру-орнын толтыру республикалық бюджет есебінен болған. Егер өткен жылы акционерлік қоғам елдің бірқатар ауруханасына лизинг жағдайында 88 аппарат қойса, биыл 200 бірлік медициналық техника орнату жоспарланды. Олардың басым бөлігі Қарағанды, Қызылорда облыстарының денсаулық сақтау ұйымдарына орнатылады. Жалпы алғанда, 7 жылда акционерлік қоғамның жұмысы денсаулық сақтау ұйымдары үшін 600 медициналық аппарат сатып алды. Жыл басынан бастап 50 бірлік техника орнатылды», - деді ол.

Сондай-ақ облыстың денсаулық сақтау басқармасында семинар-мәжіліс өтті. Онда лизингтік схема енгізу және оларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қолдану мәселелері талқыланды. Мәжіліске Қазақстанның бірқатар өңірлерінің денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.

«КазМедТех» компаниясының қолдауымен сатып алынған жаңа жабдық қаншалықты тиімді әрі пациенттерге қандай пайда әкелетіні жайында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Хорошаш өзге өңірлерден келген  әріптестеріне әңгімелеп берді.

«КазМедТех» АҚ - Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. 2010 жылы лизинг арқылы мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарды заманауи техникамен жарақтау мақсатында құрылған.