«ҚазМикроҚаржы» ЖШС 1997 жылдан бері 380, 7 миллион доллардың несиесін берді - Басқарма төрағасының орынбасары

АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «ҚазМикроҚаржы» ЖШС ай сайын 4603 клиентке несие береді. Бұл бүгін Алматыдағы «Корпоративтік басқару: дағдарыс сабақтары, жаңа мүмкіндіктер және қолайлы үлгілер» деп аталатын V Халықаралық конференцияда айтылды,

«ҚазМикроҚаржы» ЖШС 1997 жылдан бері 380, 7 миллион доллардың несиесін берді - Басқарма төрағасының орынбасары

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шілденің 1-індегі дерек бойынша, серіктестіктің несиелік қоржыны - 32 миллион 573 мың 695 долларды құрады. 1997 жылы берілген несиелердің саны - 356 мың 144, ал несие сомасы - 380 миллион 73 мың 857 доллар болды. Биыл біз ай сайын беретін несиелер саны 4603-ке жетіп, оның сомасы 6 миллион 858 мың 988 долларды құрап отыр», дейді «ҚазМикроҚаржы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Альмира Әбенова. Оның айтуынша, Қазір олардың алдында тұрған басты міндет - қайта құру үшін сәтті басқарудың барынша тиімді құрылымын құру. Акционерлік қоғамның басқару құрылымы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен бөлек. Компания сондай-ақ, халықаралық стратегиялық инвесторларды тарту үшін корпоративтік басқарудың озық үрдістерін енгізуге мүдделі. 2010 жылғы стратегия тұрақты даму арқылы нарықтағы өз үлесін сақтау және географиялық қамтуда тиімділік пен өнімділікке бағытталған.