«ҚазМұнайГаз» 2010 жылы ІЖӨ-нің 11 пайызын қалыптастыруды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «ҚазМұнайГаз» АҚ 2010 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 11 пайызын қалыптастыруды көздеп отыр.

 «ҚазМұнайГаз» 2010 жылы  ІЖӨ-нің 11 пайызын қалыптастыруды жоспарлап отыр

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан KIOGE-2010 конференциясы барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин айтты.

«Өткен жылы ҚМГ ішкі ұлттық өнімнің 9,3 пайызын берген еді. Біз бюджетке түсімдердің 22 пайызын, оның ішінде салыққа түсімдердің 22 пайызын береміз. Ұлттық қордың 55 пайызы біздің үлесіміз», -деді Қ.Қабылдин.

Ол сондай-ақ ҚМГ ағымдағы жылы 21, 2 миллион тонна мұнай өндіруді көздеп отырғанын жеткізді. Қазіргі кезде компанияның резервінде 80 миллион тонна бар.