«ҚазМұнайГаз» АҚ чартерлік әуе рейстерін не үшін сатып алды

АО НК «КазМунайГаз»
Фото: ҚазМұнайГаз

АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынан чартерлік әуе рейстерді ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алуға қатысты түсінік берілді. 

«ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясы 5 жылға (2024-2028 жж) чартерлік рейстерді ұйымдастыру қызметін сатып алды. Чартерлік әуе рейстері - іскерлік және өндірістік міндеттерді жедел шешу үшін, оның ішінде төтенше және авариялық жағдайлар кезінде тұрақты жолаушылар рейстері болмаған кезде шұғыл жағдайларда пайдаланады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, іс-сапарлар алдын ала жоспарланған жағдайда «Air Astana», «SCAT», «Qazaq Air» және басқа да әуе компанияларының қызметі мен теміржол тасымалы қызметтерін пайдаланады.

«Чартерлік қызметтер үшін төлем көрсету факті бойынша жүргізіледі. Яғни чартерлік рейс қажет болмаса компания қаражаты жұмсалмайды», - деп түсіндірілді ҚазМұнайГаз АҚ-дан.

Соңғы жаңалықтар