ҚазМұнайГаз «Ақтаунефтесервис» ЖШС-мен оның жарғылық капиталының 100 пайыз қатысу үлесін сатып алу жөнінде мәміле жасады

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтаунефтесервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының 100 пайыз қатысу үлесін сатып алу жөнінде мәміле жасады.

 ҚазМұнайГаз  «Ақтаунефтесервис» ЖШС-мен  оның жарғылық капиталының 100 пайыз  қатысу үлесін сатып  алу жөнінде мәміле жасады

Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Ақтаунефтесервис» ЖШС «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамдастығының аясында мұнай-сервистік қызметтер көрсетумен айналысады. Оны сатып алушы - Cooperative KMG PKI UA компаниясы (ҚМГ ұлттық компаниясының 100 пайыз еншілес ұйымы) «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 50 пайызына иелік етеді. «Ақтаунефтесервисті» сатып алу бағасы 334 миллион АҚШ долларын құрады.

Жобаны жүзеге асыру «Ақтаунефтесервистің» қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды, дейді сарапшылар.