«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2014 жылы 7,6 млн тонна мұнай экспорттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2014 жылы 7,6 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл туралы компанияның қаржылық есебінде хабарланды.
«2014 жылы «ӨзенМұнайГаз» және «ЕмбіМұнайГаз» мұнайын сатудың экспорттық көлемі 5 571 мың тоннаны (тәулігіне 110 мың баррель) немесе мұнайды сату жалпы көлемінің 70% құрады (2013 жылы: 75%). Ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 967 мың тоннаны (тәулігіне 39 мың баррель) немесе жалпы мұнай сатылымы көлемінің 25% құрады (2013 жылы: 25%)», - делінген компания есебінде. Сонымен қатар, CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 4 166 мың тонна мұнайды (тәулігіне 85 мың баррель) құрады, оның 1 944 мың тоннасы (тәулігіне 40 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл - компаниялардың жалпы сату көлемінің 47%-ын құрайды. Бұл 2013 жылы жөнелтілген 4 318 мың тоннаға (тәулігіне 88 мың баррель) қарағанда 4% кем, оның 3 828 мың тоннасы (тәулігіне 78 мың баррель) немесе 89% экспортқа шығарылды. Бұған қоса, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісіміне сәйкес, қыркүйек айынан бастап, 2014 жылдың аяғына дейін Ресейге өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша 447 мың тонна мұнай (тәулігіне 9 мың баррель) жөнелтілді. Ресей Федерациясына жөнелтілетін мұнай көлемін ҚР Энергетика министрлігі белгілейді. Әзірге Компания 2015 жылға арналған Ресейге мұнай жөнелту кестесін алған жоқ.