«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да бұрын жұмыстан шығарылған 2 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылды

«Мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша 2012 жылдың басында ҚМГ БӨ екі жаңа еншілес сервистік компанияны құрды. Бұл бұрын ҚМГ БӨ-ден және оның қатысуындағы бірлескен бір кәсіпорыннан жұмыстан шығарылған 2000-ға жуық адамды еңбекпен қамтуға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.
Компанияның атап өтуінше, бұл шара «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорнының қалыпты өндірістік қызметіне ықпал ете отырып, өндіріс қуаттылығын дамытуға және аталған өңірде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес болып табылады.
«Аталған бастаманың әлеуметтік сипатын және Компания барлық акционерлерінің мүддесін есепке алу қажеттілігін назарға ала отырып, ҚМГ БӨ Директорлар кеңесімен, Үкіметтің, «Самұрық-Қазына» қорының және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен арадағы кеңесулердің нәтижесінде, Атырау мұнай өңдеу зауытына жеткізетін мұнайға субсидиялық бағаны 2012 жылы ұлғайту турасындағы келісімге қол жеткізді», - делінген ақпаратта.