«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Акциясы Қазақстандық қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енгізілген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2010 жылғы наурыздың 29-ында KASE-ге баспасөз баянын ұсынды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

Онда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да осы жылғы наурыздың 26-сында акционерлердің кезектен тыс жиналысында ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің бұрынғы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты жаңа құрамы сайланғаны айтылған.

Акционерлердің кезектен тыс жиналысында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі құрамына мыналар кірді:

- Асқар Балжанов - ҚМГ ҰК барлау және өндіру бойынша басқарушы директоры;

- Төлеген Бозжанов - ҚМГ ҰК корпоративтік орталығының басқарушы директоры;

- Ержан Жанғауылов - ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас менеджері;

- Кенжебек Ибрашев - ҚМГ БӨ бас директоры (басқарма төрағасы);

- Әсия Сырғабекова - ҚМГ ҮК қаржы директоры;

- Пол Мандука -ҚМГ БӨ тәуелсіз директоры;

- Эдвард Уолш - ҚМГ БӨ тәуелсіз директоры.

Сондай-ақ директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жыл болып белгіленді.