«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мұнай өндіру көлемін арттырды
«ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («CCEL») және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді қосқанда, 2014 жылдың алғашқы үш айында 3 048 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегімен салыстырғанда 45 мың тоннаға немесе 1 пайызға артық», - делінген компания мәліметінде. «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 1 301 мың тонна (тәулігіне 106 мың баррель) мұнай өндірді, 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 684 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, 2013 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1 пайызға кем. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 1 985 мың тоннаны (тәулігіне 162 мың баррель) құрап, 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артық болды және өндіру жоспарына сәйкес келеді. ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2014 жылдың алғашқы үш айында 1 063 мың тоннаны (тәулігіне 88 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға кем. 2014 жылдың алғашқы үш айында ӨМГ және ЕМГ экспорттық саудаға арналған мұнай көлемі 1 459 мың тоннаға (тәулігіне 117 мың баррель) жетті, ал ішкі нарыққа сату 519 мың тоннаны (тәулігіне 42 мың баррель) қамтыды. Компания 2014 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа 1,9 млн. тонна мұнай сатады деп болжайды. CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-нің үлесі 1 051 мың тонна мұнайды (тәулігіне 87 мың баррель) құрады, оның 598 мың тоннасы (тәулігіне 49 мың баррель) экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш компаниялардың жалпы сату көлемінің 57 пайызын қамтыды. Ішкі нарыққа жөнелтілетін мұнай көлемінің артуы ҚР Мұнай және газ министрлігінің квотаны арттыруына байланысты болып отыр. Айта кетейік, «ҚМГ БӨ» АҚ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады.