«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның 2011 жылғы таза пайдасы 209 млрд. теңгені құрады

«Мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне және ішкі нарыққа жеткізілім бағасының жоғары болуына, ішінара өтелген экспорт көлемінің төмендеуіне байланысты кірістер 19 пайызға өсіп, 708 млрд. тенгені (4 832 млн. АҚШ доллары) құрады», - делінген хабарламада.
2011 жылы Брент маркалы мұнайдың орташа бағасы 2010 жылмен салыстырғанда, барреліне 79 АҚШ долларынан 111 АҚШ долларына дейін өсіп, 41 пайызға жоғары болды. Бұл ретте таза пайда 209 млрд. тенгені (1 425 млн. АҚШ доллары) және бір акцияға шаққандағы пайда 2 950 тенгені (бір ЖДҚ үшін 3,4 АҚШ долларын) құрап, 2010 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 11 және 9 пайызға азайды.
«Компанияның өткен жылдағы нәтижелеріне 2011 жылдың мамыр-тамыз айларында орын алған заңсыз наразылық акцияларының нәтижесінде мұнай өндірудің және экспорттың төмендеуі, сондай-ақ 2010 жылы экспорттық кедендік салықтардың енгізілуі мен 2011 жылы оның мөлшерінің екі еселенуі әсер етті», - делінген ақпаратта.