«ҚазМұнайГаз» бен «СтатойлГидро» компаниялары «Абай» жобасы бойынша бірлескен жұмыстың қағидаттары жөніндегі келісімді дайындамақ

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК» президенті Қайыргелді Қабылдин Норвегияның «СтатойлГидро» компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Хельге Лундпен кездесті.
None
None
Тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Келіссөздер кезінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі «Абай» жобасы бойынша бірлескен қызметтің шарттары талқыланып, «ҚазМұнайГаздың» «СтатойлГидро» компаниясының шетелдегі жобаларына қатысу мәселелері сөз болды. Айта кетейік, екі компания арасындағы іскерлік байланыстар 2005 жылы орнаған.«ҚазМұнайГаз» компаниясы Ақпараттық саясат департаментінің директоры Ғалым Тұмабаевтың айтуынша, келіссөздердің қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» бен «СтатойлГидро» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп жоспарланып отыр. ««Аталмыш құжат Үкімет деңгейінде келісіле ме, жоқ әлде оған компаниялар деңгейінде қол қойыла ма, ол жайында айту әлі ертерек. Бұл мәселе қосымша келісуді қажет етеді», - деді Ғ. Тұмабаев.«ҚазМұнайГаз» компаниясы Ақпараттық саясат департаментінің таратқан баспасөз баянында көрсетілгендей, таяу уақытта «ҚазМұнайГаз» бен «СтатойлГидро» геологтық-техникалық ақпаратпен танысу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге және «Абай» жобасы бойынша бірлескен жұмыстың қағидаттары туралы келісімді дайындауға ниет танытып отыр. ҚазАқпарат анықтамасы: «СтатойлГидро» Норвегияның ықпалдастырылған мұнай-газ компаниясы болып табылады. Әлемнің 40 елінде жұмыс істейтін компания көмірсутекті шикізаттарды барлаумен, өндірумен және өңдеумен, сондай-ақ дайын мұнай өнімдерінің маркетингімен айналысады. «СтатойлГидро» 2007 жылғы қазанның 1-де «Статойл» компаниясы мен «Гидро» мұнай-газ бизнес компаниясының біріктірілуі арқылы құрылған. «СтатойлГидро» 39 мұнай-газ кен орындарының операторы болып табылады. Оның өнімдерінің орташа көлемі тәулігіне 1,7 млн. баррель мұнай эквивалентін құрайды.
Соңғы жаңалықтар