18:27, 25 Ақпан 2020 | GMT +6
«ҚазМұнайГаз» биыл ІРО-ға шығады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы биыл ІРО-ға шығарылады. Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Компания ІРО-ға шығуға бағытталған жұмысты жалғастырып жатыр. Индикативті күтілетін мерзім - бұл 2020 жылдың қазаны мен қарашасы», - деді Жақып Марабаев Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.