«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 2015 жылдың бюджетін бекітті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсан күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, 2015 жылдың бюджетін Brent маркалы мұнайдың барреліне белгіленген 70 АҚШ доллары көлеміндегі бағаны ескере отырып бекітті, деп хабарлады бүгін компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

«2015 жылға жоспарланған өндіру көлемі «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) бойынша 5,4 млн. тонна (тәулігіне 109 мың барр.), ал «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) бойынша 2,8 млн. тонна (тәулігіне 57 мың барр.). 2015 жылдағы ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 8,2 млн. тонна (тәулігіне 166 мың барр.), бұл 2014 жылға жоспарланған көлемнен 1 пайызға артық.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларының жоспарланған мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2015 жылы 4,0 млн. тонна (тәулігіне 81 мың барр.) құрайды, бұл ПҚИ компаниясындағы өндіру көлемінің табиғи төмендеуіне байланысты 2014 жылдағы жоспардан 3 пайызға кем. Компания 2015 жылы ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа - Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен Павлодар мұнайхимия зауытына (ПМХЗ) мұнай жеткізу жөніндегі міндеттемелері 3,0 млн. тонна (тәулігіне 59 мың барр.) көлемінде болады деп болжап отыр. Оған қосымша 100 мың тонна мұнай Компанияның қажеттіліктері үшін АМӨЗ-де қайта өңделеді. ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларының 2015 жылға жоспарланған ішкі нарыққа мұнай жеткізілімдеріндегі ҚМГ БӨ үлесі 2,2 млн. тонна (тәулігіне 45 мың барр.) құрайды, бұл аталған компаниялардың жалпы сату көлемінің шамамен 55 пайызын құрайды. Қазіргі таңда Компания 2015 жылы Ресейге мұнай жеткізу кестесін алмағандықтан, Ресейге жеткізілімдер 2015 жылдың бюджетінде көрсетілмеді», делінген хабарламада. 2015 жылы күрделі салымдар 115 млрд. теңге (621 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде жоспарланып отыр, бұл былтыр бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес, 2015 жылға жоспарланған шығыннан 14 пайызға кем. Шығындарды қысқарту өндіріс көлеміне әсер етпейтін инвестицияларды азайту, инфрақұрылымдық жобаларға кететін шығындарды азайту, сондай-ақ жаңғырту бағдарламасының кейбір ұзақ мерзімді жобаларын жүзеге асыруды кейінге қалдыру есебінен жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар