12:49, 04 Шілде 2013 | GMT +5
«ҚазМұнайГаз» БӨ мұнай өндіруді ұлғайту мүмкіндігін іздестіруде
АСТАНА. 4 шiлде. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндiру» АҚ (БӨ) еліміздегі ескі кеніштерден мұнай өндіруді ұлғайту мүмкіндігін қарастыруда,
деп хабарлайды Халықтық-IPO бағдарламасының ресми сайты.
Компания өндіретін мұнайдың 70 пайыздан астамы осындай кен орындарынан алынады. «ҚазМұнайГаз» БӨ PetrofacLimited компаниясымен өзара түсіністік туралы тиісті келісімге қол қойды.
«Меморандум тараптарға, БӨ-нің 100% еншілес компаниясы болып табылатын «ЕмбіМұнайГаз» АҚ (ЕМГ) секілді ежелгі кен орнынан мұнай өндірудің өсімін және өндірістің тиімділігін жақсарту мүмкіндігін зерттеуге жол ашады», - делінген БӨ хабарламасында.
Petrofac ЕМГ кен орнына бағалау жүргізеді және Ембі тобына кіретін бірқатар кеніштерді зерттеуді және ондағы мұнайды өндіруді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Келешекте тараптар пластта мұнай өндірісін арттыру туралы келісімшартқа қол қоюы мүмкін.