«ҚазМұнайГаз» «Доңға» жобасындағы 60% үлесті сатып алды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) «TotalEnergies EP Danmark A/S» компаниясынан (TotalEnergies еншілес ұйымы) «Total E&P Dunga GmbH» жарғылық капиталындағы 100% акциясын сатып алғаны жөнінде мәлімдеді. Кazinform бұл туралы ҚМГ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

қазмұнайгаз
Фото: kmg.kz

Осылайша, ҚМГ «Доңға» жер қойнауын пайдалану жобасының 60 пайыз үлесіне иелік етеді.

Аталған мәміле бұған дейін ҚМГ мен «TotalEnergies EP Danmark A/S» арасында қабылданған сатып алу-сату келісімшартының аясында жасалды.

Айта кетейік, «Доңға» мұнай-газ кен орны Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орын 1966 жылы ашылған. «Доңға» жобасы өнімді бөлу туралы шарт аясында іске асырылып келеді. Шарттың қазіргі қатысушылары — «Total E&P Dunga GmbH» (60%), «Oman Oil Company Limited» (20%) және «PTT Exploration and Production» (20%).

TotalEnergies – мұнай және биоотын, табиғи газ бен жасыл газдар, жаңартылатын энергия мен электр энергиясын өндіретін, сататын жаһандық мультиэнергетикалық компания.

2002 жылы құрылған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

Тоқаев
Ұқсас жаңалықтар

Басқа таңдау жоқ: не тиімді цифрлық экономика құрамыз, не өркениет көшінің соңында қаламыз — Президент