«ҚазМұнайГаз» дуальды білім бері бойынша оқу орталықтарының құрылысын жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржылық қиындықтарға қарамастан, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы дуальды білім бері бойынша оқу орталықтарының құрылысын іске асырады.

 «ҚазМұнайГаз» дуальды білім бері бойынша оқу орталықтарының құрылысын жоспарлауда

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өндірісін дамыту департаменті басшысының орынбасары Бақыт Маханов мәлім етті.

«Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты қаржылық қиындықтарға қарамастан, «ҚазМұнаГаз» компаниялар тобы дуальды білім беру бойынша оқу орталықтарының құрылысын қарастырып отыр. Бұл нысандардың ішінде жатақхана, жабдықтар және ұңғымаларды жөндеуге негізделген қондырғылар қамтылады. Яғни, жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте атқарылатын шараларға қызығушылық бар және жастар да бұл бастаманы қолдап отыр»,-деді Б. Маханов.

Өз кезегінде Павлодар мұнайхимиялық зауыты оқыту орталығының жетекшісі Людмила Пак аталған білім беру орталығында оқытушыларға қойылатын талаптарға тоқталды.

«Бізде зауытта өзіміздің жергілікті акт бар, бұл ережеде тәлімгерлік талаптары қамтылған және онда ұстаздық ететіндерге қатысты барша қағидалар жазылған»,-деді ол.

Бұл тұрғыда Л. Пак оқытушылыққа кандидаттар бірінші кезекте жоғары біліктілігі бар маман болуы тиістігін атап айтты.

«Тәлімгерлерде кем дегенде бес жыл тәжірибесі болуы тиіс. Біз колледж әкімшілігімен бірлесе жұмысқа оқу үлгерімі жақсы студенттерді қабылдауды ұсынамыз»,-деді ол.