«ҚазМұнайГаз» «Исатай-Шағала» учаскесі мен «Шағырлы-Шөмішті» кен орны бойынша қоғамдық тындаулар өткізді

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында «Исатай-Шағала» учаскелерінде теңіз мұнай операцияларының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау» және «Шағырлы-Шөмішті» кен орнындағы мұнай операцияларының қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау» бойынша қоғамдық тындаулар өтті, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
None
None

Қоғамдық тыңдаулар мемлекеттік экологиялық сараптаманың алдында өткізілетін міндетті рәсім болып табылады және ұлттық, халықаралық заңнаманың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процесінде жұртшылықтың қол жеткізуін қамтамасыз етуге қатысты талаптарына сәйкес келеді.

«Исатай-Шағала» учаскелерінде және «Шағырлы-Шөмішті» кен орнында мұнай операциялары ҚР-ның кен игеру және қоршаған ортаны қорғау заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Кен орнын пайдаланушы мұнай операцияларын жүргізу кезінде табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың бұзылуы әрі тозуының жағымсыз салдарын мүмкіндігінше азайтатын қажетті іс-шаралар қабылдайтын болады. Соның ішінде Исатай-Шағала учаскелерінде теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде барлық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар «нөлдік тастау» концепциясын міндетті түрде қолданумен жойылатын болады. Бүдан басқа, жұмыстарды жүргізу кезінде тұрақты түрде экологиялық мониторинг жүргізіледі.

Жобаларды іске асыру аймақ үшін жаңа жұмыс орындарының құрылуы, әлеуметтік салаға қолдау көрсетілуі, жергілікті кадрлардың оқуы, жергілікті бюджетке салық түсімдерінің артуы сынды пайда әкеледі.

Осы жобалардың іске асырылуы ресурстық базаның ұлғаюына, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өңдеу және экспорттау мақсатында көмірсутекті шикізатты өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл бюджетке салық төлемдерін және инвистициялар ағымын арттыруға септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар