«ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ әлеуметтік-өндірістік нысандарға 245,413 мың тонна мазут тапсырды

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз - ҚМ» АҚ бекітілген кестені орындау үшін облыстардың әлеуметтік-өндірістік нысандары мен мекемелеріне 245,413 мың тонна мазут тапсырды.
None
None

«ҚазМұнайГаз» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мазуттың 99,503 мың тоннасы - «АМӨЗ» ЖШС-нде, ал 145,910 мың тоннасы - «ПМХЗ» АҚ-ында өндірген.

Бекітілген облыстардың әлеуметтік-өндірістік нысандары мен мекемелеріне ақшасы төленген мазут көлемін беру жөніндегі «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» міндеттемелерінің орындалуы 99,1 пайызды (Оңтүстік Қазақстан бойынша 99,7%, Алматы облысы бойынша 99,6%) құрады.

Соңғы жаңалықтар