«ҚазМұнайГаз» қазақстандық құрамдаушы бөлігін одан әрі кеңейтетін болады

АСТАНА Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «ҚазМұнайГаз» компаниясы еліміздегі барлық шағын және орта бизнес өкілдерімен әріптестік байланыстарды орнатуға даяр. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин осылай айтты,

«ҚазМұнайГаз»  қазақстандық құрамдаушы бөлігін одан әрі кеңейтетін болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, өткен жылы мемлекеттік сатып алу кезінде 431 млрд. теңгеге тауар мен қызметтердің түрлері игерілді.

Оның 80 пайызы қазақстандық тауарлар мен қызметтер. Сондай-ақ біз Теңіз, Қарашаған және Қарашығанақ сияқты біріккен жобалар бойынша осы ұстанымды сақтауға тырысамыз. Биыл да біз қазақстандық құрамдаушы бөлігін кеңейтуге негізгі басымдық беретін боламыз.