16:11, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
«ҚазМұнайГаз» компаниясы Маңғыстау облысындағы битум өндіретін зауыттың құрылысын биыл жазда бастайды
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «ҚазМұнайГаз» компаниясы Маңғыстау облысындағы битум өндіретін зауыттың құрылысын 2009 жылдың екінші жартысында бастауды жоспарлап отыр.
Бұл туралы аталмыш компанияның президенті Қайыргелді Қабылдин бүгін Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Битум зауытының жобасы біздің компанияның басымдықтарының бірі болып табылады. Наурыз айында зауыттың жобалық-сметалық құжаты әзірленіп бітеді. Бүгінде жобаға әлеуетті қатысушылармен келіссөздер жүргізілді. Премьер-Министрдің қатысуымен зауыттың іргетасы қаланды. Біз кесте бойынша жылжып келеміз. Биылғы жылдың екінші жартысында іс жүзіндегі құрылысты бастаймыз деп үміттенемін», деді отырыста Қ. Қабылдин. Оның айтуынша, битум өндіретін зауыт Ақтау пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың базасында орналасатын болады.