«ҚазМұнайГаз» компаниясында корпоративтік баспасөз орталығы ашылды
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында корпоративтік баспасөз орталығы ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компания басшысы Қайыргелді Қабылдин атап көрсеткендей, бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастыру арқылы «ҚазМұнайГаз» компаниясының барлық жұмыстары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы аясында атқарып жатқан іс-шаралары халыққа жарияланатын болады.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа ақпараттық орталықта сан алуан тренингтер және айына бір рет баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру жоспарланған.