«ҚазМұнайГаз» компаниясының әкімшілік-басқару қызметкерлерінің төрттен бірі қысқартылды
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін «ҚазМұнайГаз» АҚ директорлар кеңесінің басшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қатысумен директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Қиынов отырыс барысында компанияның соңғы айдағы қызметі мен негізгі өзгерістері жайлы баяндама жасады.
Қиыновтің мәліметі бойынша, оңтайландыру мақсатымен «ҚазМұнайГаз» АҚ әкімшілік-басқару қызметкерлері 23 пайызға қысқартылды, сонымен қатар бұл қысқарту жұмыстары әлі де жалғасуда.
«Оңтайландыру нәтижесінде бір өкілеттің қосарлануын болдырмау, басшы қызметкерлердің алдына қойылған міндеттерді орындау жауапкершіліктерін арттыру жұмыстары жүргізілді», - деді Л. Қиынов.