«ҚазМұнайГаз» компаниясының бірінші жартыжылдықтағы кірісі 25 пайызға артты
ТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Аудиттелмеген алдын-ала мәліметтерге қарағанда, «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2011 жылдың бірінші жартысындағы шоғырландырылған кірісі 2010 жылғы көрсеткіштен 25 пайызға артып, 1,34 трлн. теңгені құрады.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Жалпы ҚМГ бойынша, алдын-ала мәліметтерге сәйкес 2011 жылдың қаңтар-шілде айларында үлестік әдіс бойынша шоғырландыру қағидатымен есептегенде мемлекет бюджетіне 251,7 млн.теңге салық және басқа міндетті төлемдер төленді. Мұның өзі, өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 16 пайызға артық. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шаралары аясында есепті мерзімде мұнай өңдеу және мұнай химия саласын дамыту жобалары бойынша және «ҚМГ» компаниялары тобының сатып алуында қазақстандық үлесті арттыру жұмыстары одан әрі жалғастырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.