«ҚазМұнайГаз» қызметкерлеріне биыл сыйақы берілмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еліміздегі жанармай бағасын тұрақтандыру бағыттарында жұмыстар жасап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлеріне биыл сыйақы берілмейді

«Бүгінгі күні Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында АИ-92 бензинінің қоры негізінен Ресей Федерациясынан жеткізілім есебінен қалыптасқан, оның өзіндің құны литріне 161 теңгеден біршама жоғары.

Республикада бағалардың шамадан тыс қымбаттауына жол бермеу және туындаған шығындарды төмендету үшін барлық ҚМГ ЖМҚС-ларында АИ-92 бензиніне бір литріне 161 теңге деңгейінде бірыңғай бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Өңдеу және маркетинг» бағытының, «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС орталық аппаратының қызметкерлеріне 2017 жылға сыйақы және бонустық төлемдер төленбейді», - делінген баспасөз парағында.