«ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бас директоры тағайындалды

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ басқармасының мақұлдауымен «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бірінші басшысы болып жаңа бас директор Геннадий Морозов тағайындалды.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бас директоры  тағайындалды

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ бас директоры болып тағайындалғанға дейін, Г.Морозов «ҚазМұнайГаз Өнімдері» бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндеттерін орындады. Мұнай-газ саласында Г. Морозов 2008 жылдан бастап қызмет етеді, 2009 жылдың сәуір айынан бастап «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ және «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ департамент директоры, атқарушы директоры, кеңесші, басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

Жаңа басшыны тағайындау «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ мен «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ арасында қайталанатын басқару қызметтерін жою, шешімдер қабылдауда жеделдікті арттыру, сондай-ақ компанияның кезекті даму кезеңіне шығуы мақсатында, қызметтерді қайта бөлумен және қайта құрылымдаумен сәйкес келді. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ екі жыл жұмысы ішінде «ҚазМұнайГаз» сауда маркалы жанар-жағармай құю стансыларының желісі 178 бірліктен 283 бірлікке дейін кеңейтілді; 2010 жылға қорытынды табысы жоспарланған 2,5 млрд. теңгенің орнына 3,9 млрд. теңгені құрады; сатудан табыстың тұрақты даму серпіні байқалады; отынның сапасын бақылау жүйесі жетілдірілді; ЖМҚС жанынан 220 дүкен, 14 автожуу, 7 ТҚС және 2 кемпинг қызмет етеді.

2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде бөлшек сатудан кірістің барынша артуы болжанып отыр, бұл пайдаланылатын объектілер санының артуымен, сондай-ақ 1 ЖМҚС-да орташа айлық сатудың ұлғайтылуымен байланысты.

Жаңадан тағайындалған бас директор компанияның даму бағытының басымдылығына және қойылған міндеттерді орындауға баса назар аударады, өйткені ол бірнеше жыл компания қызметкерлерімен жұмыс істеген және кадрлық әлеуетті жақсы біледі.