«ҚазМұнайГаз Өнімдері сапа бойынша «International Arch of Europe» Алтын санатындағы халықаралық наградаға ие болды

Қазір IAE нормасы және Сапа моделі (QC100 Total Quality Management Model) бойынша 178 елдегі әр салада жұмыс істейтін компаниялар қызметтері бағаланады. Германияда өткен тікелей тапсыру рәсіміне 52 елдің компаниялары шақырылды. Жүлделерді бөлу кезінде клиенттердің қанағаттандырылуы, коммуникация стратегиясы, бенчмаркинг, ақпарат және талдау, көшбастаушылық, жоспарлау, кадрлық ресурстар, қызметкерлердің тұрақты біліктілігін арттыру, өндіріс және өнімділік, экономикалық нәтижелер, жалпы қорытындылар, ISO 9000, TQM есепке алынды.
"ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ Қазақстандағы бензин өнімдерін таратушы бірден бір компания болып табылады Компанияда 305 май құю стансасынан тұратын жүйе, сондай-ақ 6 газ толтыратын станса, 1 газ толтыратын компрессор стансасы, 6 мұнай базасы бар. B.I.D. мамандары қазақстандық компанияның сапа мен жетілуге ұмтылушылығын жоғары бағалады. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» - жұмыс үдерісін тұрақты жетілдіруге және іскерлік әлемінде көшбасшылық рөлге ұмтылушы кәсіби мамандар командасы», - деп аталып өтілді жүлдені тапсыру рәсімінде.