ҚазМұнайГаз өткен 8 айда 12,6 миллион тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді - Қ. Қабылдин
Ы. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ биылғы жылдың алғашқы 8 айында 12,6 миллион тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді.
Бұл өткен жылдың алғашқы 8 айының көрсеткішінен 5,8 пайызға артық. Бұл туралы бүгін Алматыда ашылған KIOGE 2010 халықаралық мұнай-газ форумында «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин айтты.
Оның айтуынша, қаңтар-тамыз айларының аралығында магистралдық құбыр желілері жүйесі бойынша 43,86 миллион тонна мұнай тасымалданған. Бұл 2009 жылдағы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 5, 1 пайызға артық. Өткен 8 айдың ішінде мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың шоғырланған көлемі 4,4 миллион тонна болған. Газ тасымалдау көлемі 66,7 миллиард текшені құраған. Сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу көлемі 10,1 миллион тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 2 есеге артық. Бұл орайда еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытында 7,6 миллион тонна мұнай өңделген.