«ҚазМұнайГаз» Petromidia мұнай өңдеу зауытында 6 жаңа қондырғыны іске қосты
![None None](/static/img/plug.webp)
«Инвестициялық пакет 2010-2011» жаңғырту жоспарының толық аяқталуы 2012 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған, бұл ретте капиталдық салымдардың жалпы құны 367 млн. АҚШ долларын құрайды.
«Инвестициялық пакет Petromidia мұнай өңдеу зауытына Оңтүстік және Шығыс Еуропадағы алдыңғы қатарлы мұнай өңдеу зауыттарының қатарына енуге мүмкіндік береді. Осы жоба аяқталғаннан кейін Petromidia мұнай өңдеу зауыты толық көлемде Қазақстан мұнайын өңдей алады, сонымен қатар Еуро 5 стандарттарына сәйкес өнімнің сапасын қамтамасыз ететін болады», - деп атап өтті The Rompetrol Group бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Гавит Куркимов.
Толық жаңғыртудан өткеннен кейін Petromidia мұнай өңдеу зауыты «Urals» маркалы шикі мұнайды 100 пайыз өңдей отырып, жылына шикізаттың өңделуін 3,7 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін ұлғайтады. Бұдан басқа мұнай өңдеу заводы дизель отынының сұрыпталуын 37 пайыздан 45 пайызға дейін арттырады және Еуропа Одағының барлық нормалары мен заңдарына сәйкес келетін жоғары сапалы отын өндіруді жалғастыратын болады.
Қазіргі кезде каталитикалық крекинг қондырғысы, Клаус қондырғысы (газды күкіртсіздендіру процесі), жаңа факелді жүйе, ауаны бөлу қондырғысы пайдалануға берілді және ваккумды газойлді гидротазалау қондырғысын дизелді отын қондырғысына ыңғайлап қайта жасау жүзеге асырылды.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Petromidia мұнай өңдеу зауытын жаңғырту процесі және Rompetrol-дың Орталық және Шығыс Еуропа, Румыния, Болгария, Молдова, Украина және Грузияда, сондай-ақ Түркияда, Сербияда және Грекиядағы жанармай құю стансаларының санын көбейту әрі нығайту жүргізілуде», - дейді Г.Куркимов.