«ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» акционерлік қоғамы мен «ПетроҚазақстанОйлПродактс» серіктестігіне қомақты айыппұл салынды

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» акционерлік қоғамы мен «ПетроҚазақстанОйлПродактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өздерінің басымдық жағдайларын асыра пайдаланғандары үшін әкімшілік жазаға тартылады.
None
None

Бұл жайында Бәсекелестікті қорғау агенттігі басқармасының (монополияға қарсы агенттік) 13-ші мәжілісінде мәлім етілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, жанар-жағармай жетіспеушілігі орын алған 2009 жылдың қазан-қараша айларында «ПетроҚазақстанОйл Продактс» серіктестігі мен «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» акционерлік қоғамының өздеріндегі қордың жеткілікті болғанына қарамастан, бөлшек сауда үшін мұнай сақтау қоймаларынан отын жөнелтпегені анықталып отыр», деп атап көрсетіледі тексеру қорытындысы туралы хабарламада.

Оларға салынып отырған айыппұлдың жалпы сомасы 240 миллион теңгені құрады, материалдар сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар