«ҚазМұнайГаз» сауда үйі көктемгі егіске қажетті дизель отынын жеткізуді аяқтағанын хабарлады

АСТАНА. Маусымның 14-і. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі жұмыстарға дизель отынын жеткізу жоспарын жүзеге асыру қорытындылары туралы мәлім етті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз» сауда үйі көктемгі егіске қажетті дизель отынын жеткізуді аяқтағанын хабарлады

Көктемгі далалық жұмыстарды өткізу кезеңінде мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушысы республика Үкіметі диқандарды 400 мың тоннаға жуық көлемде дизель отынымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оның ішінде «ҚазМұнайГаз» Сауда үйінің үлесіне оның 187 мың дизел отыны тиеді, бұл барлық көлемнің 56,6 пайызы.

«ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ міндеттемелерін орындау фактісі облыс әкімдері операторларының атына төленген дизель отыны көлемінің жеткізілімі бүгінгі күні 97,2 пайызды құрады (Атырау облысы бойнша - 100 пайыз, Ақтөбе облысы бойынша 100 пайыз)», - делінген бүгін таратылған хабарламада.

Көктемгі егіс кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жіберілген дизель отынының түпкілікті бағасы литріне 62 теңгеден асқан жоқ.