«ҚазМұнайГаз» шетелдік компаниялармен, сондай-ақ қытайлық әріптестермен бірлескен жобаларды дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өткізді

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ ҰК) шетелдік компаниялармен, сондай-ақ қытайлық әріптестермен бірлескен жобаларды дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өткізді,
None
None

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Шараға басқарушы директор - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Болат Палымбетов, республикалық мемлекеттік тілде шығатын БАҚ өкілдері, теле және радиожурналистер, сарапшылар қатысты.

«Дөңгелек үстелді» аша келе Болат Палымбетов «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының мемлекеттік тілде шығатын БАҚ-мен ынтымақтастыққа баса назар аударатынын атап көрсетті.

- Бұл - ҚМГ ҰК қазақ тілді БАҚ бас редакторлары және журналистерімен өткізіп отырған дәстүрлі кездесуі. Бүгін біз сіздермен мұнай-газ саласындағы үрдістерді талқылап, журналистерді толғандырып жүрген, сонымен бірге қытайлық әріптестермен жүргізіліп жатқан бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жайындағы сұрақтарға жауап береміз,- деді Болат Палымбетов.

2010 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ ҰК қатысатын Қытай кәсіпорындарының үлесі 15,4% құрады. «ҚазМұнайГаз» ҰК 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары бойынша 2015 жылға қарай бұл үлес 11% құрайды, ал 2020 жылға қарай 5% дейін азаяды.

«Дөңгелек үстел» аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ игеру және өндіру технологиясы департаментінің директоры Нұрлыбай Қиялбаев жалпы ҚМГ ҰК үлестік қатысуымен 11 мұнай өндіруші кәсіпорынның ішінде қытайлық компаниялар 5 бірлескен кәсіпорында әріптес болып табылатындығын атап өтті. Олар: «ПетроҚазақстан ҚұмкөлРесорсиз» АҚ (67% CNPC), - «Торғай Петролеум» ЖШС (33,5% CNPC), - «ҚазГерМұнай» БК ЖШС (33,5% CNPC), - «Қаражанбасмұнай» АҚ (50% CITIC), - «Манғыстаумұнайгаз» АҚ (50% CNPC) компаниялары. Бұл ретте ҚХР азаматтарының осы өндіруші компаниялардағы саны орта есеппен 1-3% құрайды.

- Біз инвесторларды таңдағанда қоятын басты талабымыз олардың қай елден екендігі емес, ол Қытай ма, Ресей ме, АҚШ па, жоқ басқа ма? Себебі кез келген жағдайда Қазақстан мүддесі - лицензиялау механизмі, салық салу жүйесі, ҚР Мұнай және газ министрлігі, басқа да бейінді мемлекеттік органдардың тарапынан бақылау жүйесі, жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттардағы міндеттемелер арқылы қорғалады, - деп атап көрсетті Н.Қиялбаев.

Қорыта келгенде, «дөңгелек үстелге» қатысушылар БАҚ қазақ тілінде шығатын материалдардың сапасын арттырып, өзектендіруге бағытталған осындай шаралардың өткізіліп тұруын қолдай отырып, сонымен бірге бәсекелестік ақпарат айдынын арттыру арқылы кәсіптік қазақ тілді журналистиканы дамыту қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар