“ҚазМұнайГаз” тобына кіретін компаниялар Алматы қаласы бойынша 180 миллиард теңгенің тауар мен қызметін сатып алу туралы келісім жасады

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "ҚазМұнайГаз" тобына кіретін компаниялар сатып алған тауар мен қызметтегі қазақстандық  үлес 75 пайызды құрайды.

“ҚазМұнайГаз” тобына кіретін компаниялар   Алматы қаласы бойынша 180 миллиард теңгенің тауар мен қызметін сатып алу туралы келісім жасады

Оны "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның басқарушы директоры Нұрлан Сауранбаев бүгін Алматыда өткен  "Мемлекеттік тапсырыс-2010" акциясы аясында өткен алқалы басқосуда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"ҚазМұнайГаз" тобына кіретін компанияларда тауар мен қызмет түрлерін сатып алудағы жасалған келісімдер көлемі 427 миллиард 667 миллион теңге болды. Оның  320 миллиарды немесе  75 пайызы қазақстандық үлес.  Қазіргі таңда дейін төлем сомасы 225 миллиард  теңгені құрап отыр", дейді Нұрлан Ермекұлы.

 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның басқарушы директорының айтуынша, сатып алынған тауар мен қызмет түрлерінің ширек бөлігі  Алматы  қаласының үлесіне тиеді. 427,6 миллиард теңгенің жалпы сатып алу келісімдерінің  180 миллиарды Алматы қаласы бойынша жасалды.