«ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ Астанада көп мақсатты оныншы спорт алаңын ашты

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бүгін Астана қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының аумағында көп мақсатты оныншы спорт алаңын ашты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ Астанада  көп мақсатты оныншы спорт алаңын ашты

Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алға қойған 50 үлгі жобадағы көп мақсатты спорт алаңын салу бағдарламасын, сондай-ақ ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту бастамасын іске асыру аясында салынды. Бұл бағдарлама спорттың бұқаралық түрлерімен айналысуға жағдай жасауға және саламатты өмір салтын насихаттауға, балалар мен жеткіншектерді барынша спортқа тартуға бағытталған.

Көп мақсатты спорт алаңын ашу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесті қолдау жөніндегі бас менеджері Серікбек Елшібеков, мектептің ұстаздары мен оқушылары және ата-аналар қатысты.

- Бүгін біз, «ҚазМұнайгаз» компаниясы баршаға, яғни осы мектептің оқушыларымен қатар осы маңда тұратын балаларға да арналған спорт алаңын ашып отырмыз, - деп атап көрсетті өз сөзінде Серікбек Елшібеков. - Біз мүмкіндігінше осынау заманауи әрі тамаша жабдықталған спорт алаңында балалардың спорттың өздері ұнатқан түрлерімен көбірек айналысқанын қалаймыз, - деді ол.

«ҚазМұнайгаз» Ұлттық компаниясына бұқаралық балалар спортын дамытуға қосқан мол үлесі үшін терең алғысымды білдіремін, - деп атап көрсетті мектеп директоры Олег Надеин. - Біздің мектепте баскетбол, жеңіл атлетика, қол күресі, каратэ, дзюдо сынды спорт секциялары жұмыс істейді, ал ҚМГ сыйлаған спорт алаңының ашылуы енді теннис, волейбол, шағын футбол және хоккей сияқты спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.

№14 мектеп-гимназиясының оқушылары еліміздегі және халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп жүрген баскетболдан ҚР әйелдер командасының мүшесі екендігін атап өткен жөн.

Құрылыстың заманауи технологиясының арқасында спорт алаңында шағын футболмен, волейболмен, баскетболмен және тенниспен, басқа да спорт түрлерімен айналысуға болады. Қыста алаңның жарақаттануды болдырмайтын, суыққа төзімді жабыны балалар спорты үшін мейлінше ыңғайлы әрі қауіпсіз, ол қайталап мұздата-жылытып отыруға мүмкіндік береді, сол себепті бұл елорданың ауа райы жағдайында өте қолайлы.

Спортпен кешкі мезгілде шұғылдану үшін спорт алаңына қосымша жарық беру діңгектері орнатылған. Спорт алаңын салу кезінде ҚР барлық экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да нормалары мен ережелері қатаң сақталған.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылыс бағдарламасын іске асыру аясында оқу жылының басталуына орай тағы да осындай он заманауи спорт алаңы ашылды, ал бүкіл Қазақстан бойынша осындай 50 нысан салынатын болады.

Көп мақсатты спорт алаңдарын салу бағдарламасы 2010 - 2011 жылдарға есептелген.