«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компанияда бірқатар тағайындаулар болды, деп хабарлады компанияның баспасөөз қызметі. Мамырдың 4-інде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - басқарушы директор қызметіне Болат Палымбетов тағайындалды.
None
None

Бұған дейін Б.Палымбетов «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Маңғыстау облысының әкімі, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директоры қызметтерін атқарды.

Өкілетті органның басқарушы директоры қызметіне бұған дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры болып қызмет атқарған Болат Ақшолақов тағайындалды. Бұдан бұрынғы жылдары Б.Ақшолақов ҚР энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «ҚазмұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы директоры қызметін атқарды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде қызмет жасаған кезінде ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Ағымдағы жылғы мамырдың 11-інде сервистік жобалар бойынша басқарушы директоры (басқарма мүшесі) Нұрлан Сауранбаевтың «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға ауысуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры (басқарма мүшесі) лауазымына Мағзом Мырзағалиев тағайындалды. Бұған дейін М.Мырзағалиев «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры, шетелдік мұнай-газ компаниясының филиалының бұрғылау ерітінділері өндірісі бойынша басшысы қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар