«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобаларындағы қазақстандық үлес арта түсуде

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - 2009 жылғы бірінші жартыжылдығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес және бағынышты  ұйымдарының отандық компанияларға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізіп беруге жасасқан шарттарының көлемі 214,3 млрд. теңгені немесе 1,4 млрд. доллардан астам қаржыны құрады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

ҚР макрокөрсеткіштерімен салыстырғанда бұл қаржы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 1,5 пайызына тең.

Қазіргі уақытта қазақстандық жеткізіп берушілермен 3 126 шарт жасалып, 86,5 млрд. теңге аударылды. Қалған сомалар шарттардың одан әр іске асырылуына орай, жеткізіліп берілген өнімдердің, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақты көрсеткіштері бойынша төленетін болады.

Мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық үлестің өсуі бойынша көзделген іс-шаралар аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компанияларының топтары жалпы сомасы 44 млрд. теңгеге отандық жеткізіп берушілермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізіп беруге арналған 215 меморандум жасасты.

Қол жеткізілген уағдаластықты іске асыра отырып, қазіргі сәтте 35,5 млрд.  теңгеден астам сомаға шарт жасалды, ол жасалған меморандумдардың жиынтық көлемінің 80 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар