14:42, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
«ҚазМұнайГаз» ҰК биыл отандық тауар өндірушілермен 79,7 млрд. теңгеге келісім жасамақ
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылы «ҚазМұнйГаз» ҰК» АҚ қарасты компаниялар тобы отандық тауар өндірушілермен 79,7 млрд. теңгеге келісімшарт жасамақ. Бұл туралы бүгін қазақстандық қамтуды дамыту мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің отырысында «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

«2011 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 2011 жылғы қазақстандық кәсіпорындармен ұзақмерзімді келісімшарты 3,3 миллиард теңгені құраған болатын. Былтырғы көрсеткіш 20,7 миллиард теңге болды. Ал ағымдағы жылғы отандық кәсіпорындармен келісімшарт 79,7 млрд. теңгені құрамақ», - деді М. Мырзағалиев.