«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

СТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және оның еншілес ұйымдары да Алматы облысының Ақсу ауданында Қызылағаш су қоймасы бөгеті бұзылуы салдарынан қайғылы оқиғаға ұшырағандарға бей-жай қалмады.
None
None

Зардап шеккендерге көмек қорына еңбекақы қаражаты есебінен 80 млн. теңгеден астам қаржы аударылды. Өндірістік бөлімшелерде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер де бір күндік еңбекақысын аудару жөнінде тілек білдіруде, деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.

- ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлері де Алматы облысында зардап шеккендерге көмек көрсету туралы ұсынысты бірауыздан қолдады, - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесті қолдау жөніндегі бас менеджері Серікбек Елшібеков.

Бүгінгі таңда ҚМГ-да Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне төтенше жағдайлар салдарын жою үшн 200 млн. теңге мөлшерінде қайырымдылық көмегін беру жөнінде шешім қабылданды.

2010 жылдың өзінде ҚМГ республикалық және аймақтық әлеуметтік жобаларға 23 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттауға жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар