«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жаңа басқарушы директор тағайындалды
ТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Данияр Әмірбайұлы Берлібаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Д.Берлібаев 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірген. Мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының Қаржы жөніндегі атқарушы директоры, осы компания президентінің қаржы және экономика жөніндегі кеңесшісі, «ҚазТрансГаз» жабық акционерлік қоғамы директорының бірінші вице-президенті, бірінші орынбасары, «Мұнай және Газ тасымалдау» компаниясының Бас директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» компаниясының Корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры, экономика, қаржы және корпоративтік басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған. Сонымен қатар аталмыш азамат осыған дейін «ҚазақТеңізКөлікФлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы», «Интергаз - Орталық Азия», «ҚазТрансГаз», сияқты бірқатар ұжымдарды басқарған.