«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау табысты аяқталғаннан кейін, сертификаттау жөніндегі «Тюринген ТЮФ-пен бірлескен Интерсертифика» тәуелсіз органының шешімімен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына мерзімі 2012 жылдың наурызына дейін сәйкестік сертификаттары берілді,

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында интеграцияланған басқару жүйесін қайта сертификаттау аудиті табысты аяқталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы интеграцияланған басқару жүйесін дамыту (ИБЖ) шешім қабылдау, қайталануға жол бермеу, басқару деңгейлерін оңтайландыру жөніндегі шаралар шеңберінде жүзеге асырылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ИБЖ қызметінің директоры Гүлханым Тоқышеваның айтуынша, ұлттық компанияда интеграцияланған басқару жүйесін енгізу ішкі құжаттарды әзірлеудің, келісу және бекітудің бірыңғай тәртібін белгілеуге, қабылданатын шешімдердің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарына сәйкес сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 стандарттарының талаптарына жауап беретін интеграцияланған басқару жүйесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та 2006 жылдан бері жұмыс істейді.