«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының мұнай қоры 2022 жылы 1,4 млрд. тоннаны құрамақ

«Біз 2022 жылы барлаудың тиімділігі арқылы теңіз бен құрғақ жердегі қорымызды 1,4 млрд. тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Көптеген шетелдік компаниялар бізбен ынтымақтасуға дайын. Жақында американдық Аnadarko компаниясымен келіссөз жүргіздік. Каспий шельфінен жаңа кеніштер іздестірілуде. Ал құрғақ жердегі мұнай қорын ұлғайту негізінен кеніштерді бұрғылауды тереңдету арқылы жүзеге асырылмақ. Ондағы зерттеу жұмыстары 5-тен 8 мың шақырымға дейінгі тереңдікте жүргізіледі», - дейді «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы басқарма төрағасының геология және перспективті жобалар жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев.
Gaffney, Cline & Associates тәуелсіз аудиторлық компанияларының бағалауынша, Солтүстік Каспий жобасының қорын қоспағанда Каспий шельфіндегі Қазақстан секторының әлеуеті 2,37 млрд. тонна мұнайды құрайды. Қазіргі таңда геологиялық барлау жұмыстары «Н», Жамбыл, Сәтбаев, «Жемчужина», Махамбет, Бөбек жобаларында жүріп жатыр. Ұлттық компания 2013-2017 жылдары Каспий теңізінің қазақстандық секторы мен құрғақ жерлерінде 322 барлау және бағалау ұңғымаларында бұрғылау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.