«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдері мамандарын арнайы аттестациядан өткізбек

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдері кадрлардың біліктілігін тексеру мақсатында ағымдағы жылғы ақпан айының 1-інен бастап, осы айдың 25-іне дейінгі аралықта компания қызметкерлерінің барлығын арнайы аттестациядан өткізбек,

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдері мамандарын арнайы аттестациядан өткізбек

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен 2009 жылы компания басшылығы 919 қызметкерді қысқартқан. Олардың арасында 47 адам компанияның бірлескен орталығынан қысқартылып отыр. Ал құрылымдық бөлімшелер 42 адамнан 36-ға дейін азайды. Сондай-ақ басқарушылар 8-ден 6-ға дейін кеміді. Бұған қоса 2008-2009 жылдар аралығында компания жетекшілеріне төленетін бонустар қысқартылды. Қазіргі таңда ұлттық компаниядағы бос орындарға қызметке келетін кадрларға қойылатын талаптар күшейтіліп отыр. Компаниядағы бос орындар жөніндегі мәліметтер www.kmg.kz сайты мен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұл - «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес компанияларының барлығына да қойылып отырған талаптар.