«ҚазМұнайГаз» ҰМК «Ақтаумұнайсервис» ЖШС-нің жарғылық капиталының 100 пайызын толықтай сатып алды

АЛМАТЫ. 10 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Ақтаумұнайсервис» ЖШС-нің жарғылық капиталының 100 пайызын сатып алу жөнінде мәміле жасады. Бұған сәйкес ҚМГ ҰМК «Ақтаумұнайсервис» ЖШС-нің толық иесі атанды.

 «ҚазМұнайГаз»  ҰМК «Ақтаумұнайсервис» ЖШС-нің жарғылық капиталының 100 пайызын толықтай сатып алды

«Ақтаумұнайсервис» ЖШС «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ында мұнай-сервистік қызметтер көрсетумен (90% астам қызмет) айналысады. Сатып алуға сәйкес «Ақтаумұнайсервис» ЖШС ҚМГ ҰК-нің еншілес ұйымы «Cooperative KMG PKI UA» тиеселі болады. Бұл компания Маңғыстаумұнайгаздың 50 пайызын иемденуші болып табылатынын естеріңізге сала кетейік. Сатып алу кезіндегі баға 334 млн. АҚШ долларын құрады.

«Жобаны жүзеге асыру Ақтаумұнайсервистің қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік жасаумен бірге ҚМГ компаниялары тобына синергетикалық нәтиже береді» ,- дейді ҚМГ өкілдері.