«ҚазМұнайГаз» жанармай құю стансаларына АИ-92, АИ-95 маркалы бензинді шектеусіз өткізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ-ӨМ) ҚР Үкіметінің ішкі нарықта жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС ҚР-ға қазан айында АИ-92 маркалы бензинін 106,7 мың тонна көлемінде, оның ішінде РФ-ден 87,2 мың тонна көлемінде жеткізуге шартты жасасқандығын мәлім етті.

«ҚазМұнайГаз» жанармай құю стансаларына АИ-92, АИ-95 маркалы бензинді шектеусіз өткізуде

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ Корпоративтік коммуникациялар қызметінен хабарлады.

2014 жылғы қыркүйектен қазанға дейінгі кезеңде аталған көлемдерді тиеп-жөнелту көлемі 66,1 мың тоннаны құрады. Әкелінетін өнімнің сапасы К-2, К-3 және К-5 кластарына сәйкес келеді.

РФ және басқа мемлекеттердің МӨЗ-дерінен АИ-92 маркалы бензинін тәуліктік тиеп-жөнелтілуі 2,8-3,0 мың тоннаға жеткізіліп отыр.

К-5 экологиялық класты импортталатын мұнай өнімдері Кеден одағы және Еуропа одағы елдері нарықтарының талаптарына сәйкес келеді.

К-5 класты АИ-92 маркалы бензині Астана, Алматы қалаларындағы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек сауда желісі арқылы өткізілетін болады.

АИ-92 және АИ-95 маркалы автобензинін және дизель отынын «ҚазМұнайГаз» барлық ЖМҚС-ларында 2014 жылдың 20 қазанынан бастап бөлшек сауда арқылы өткізу ешқандай шектеусіз жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, ішкі нарықты ЖЖМ-мен молайту мақсатында 3 қазақстандық МӨЗ-де мұнай өнімдерін өңдеу және шығару көлемі артты. Ағымдағы жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі кезеңде отандық МӨЗ-де 10 993, 346 мың тонна мұнай өңделді, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 3,4 %-ға артық.