«ҚазМұнайГаз» жаңажылдық кешті өткізбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ биыл бюджеттің қысқаруына байланысты жаңажылдық ұжымдық кешті өткізбейтін болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.
None
None

«Мұнай бағасының түсуіне байланысты компанияның бюджеті қысқарғанын жоғарыда айттық. Алайда бұл қысқарту мұнай өндіру көлеміне еш әсер етпейді. Біз келесі жылы да биыл өндірген көлемімізді сақтап қалуға тиіспіз. Тіпті ұлғайтуымыз да мүмкін. Ал енді Жаңа жылдағы ұжымдық кештік туралы айтар болсақ, «ҚазМұнайГаз» биыл оны өткізбейді», - деді ол журналистердің сұрағына жауап беру барысында.

Соңғы жаңалықтар