«ҚазМұнайГаз» жыл сайын қайырымдылық пен демеушілікке 5 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсайды
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мейрамы қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Адам ресурстарын басқару және еңбекақы бойынша басқарушы директоры Серік Әбденов, Астана қаласы маңында орналасқан «Светоч» отбасы және отбасылық қарым-қатынастар дамуының қайырымдылық орталығы» қоғамдық қорының «Светоч» балалар үйінің хал-жағдайымен танысты. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚМГ өкілі, балалар үйінің 30 тәрбиеленушісіне сыйлықтар беріп, компаниямен 25 желтоқсан күні Тәуелсіздік Сарайында ұйымдастырылатын жаңажылдық ертеңгілікке шақыру билеттерін сыйлады. Сонымен қатар, сыйлықтар мен шақырулар «Жас Ұлан» мектебінің 20 жетім балаларына табысталды. Аталған қайырымдылық акциясы әр жыл сайын ҚМГ-мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға көрсетілетін қамқорлық көмек бағдарламасының аясында іске асырылады, және болашақта да басты назарда ұсталатыны анық», - делінеді хабарламада.
Жалпы айтқанда, «ҚазМұнайГаз» мүгедек, ата-ана қамқорынсыз қалған және дарынды балаларға қолдау көрсету мәселесіне үлкен көңіл бөледі. Бұған дәлел, «Светоч» балалар үйі ҚМГ қамқорлығын осымен 14 жыл бойы көріп келеді. Жыл сайын «SOS Қазақстанның балалар ауылдары» корпоративтік қорына, «Шығармашылық педагогика» қоғамдық қорының «Интеллектуалды олимпиада» тележобасына (ҚМГ 2002 жылдан бас демеуші), «KAZENERGY» қоғамдық қорының Сафи Өтебаева атындағы стипендия және грантына және басқа да бірқатар білім беру жобаларына демеушілік (қайырымдылық) көмек жасалады.
Өткен жылы ҚМГ-мен жалпы сомасы 5,2 млрд. теңге көлемінде демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетілді. Ағымдағы жылы, жұмыстар 5,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланған.