«ҚазМұнайГаз» ЖЖМ бөлшек нарығына қатысты түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазмұнайгаз - ҚМ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Е. Қожабаевтың, «Қазмұнайгаз - ҚМ» АҚ бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары Е. Қойбағаровтың қатысуымен ЖЖМ бөлшек нарығының ағымдағы жағдайына қатысты брифинг өтті.
None
None

Бұл туралы «Қазмұнайгаз - ҚМ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 3 негізгі МӨЗ жұмыс істейді, олар жалпы жыл сайын шамамен 1,9 млн. тонна АИ-92 маркалы бензин мен 4 млн тонна дизель отынын шығарады.

АИ-92 маркалы бензинді жыл сайынғы тұтыну 2,8 млн тоннаны, ал дизель отыны шамамен 4,6 млн тоннаны құрайды. Өндіріс пен тұтыну арасындағы тапшылық РФ-дан мұнай өнімдерін жеткізу есебінен жабылған.

РФ мен ҚР арасында жыл сайын индикативтік теңгерімге қол қойылады, ол Ресейден Қазақстанға бажсыз импортталатын отын көлемін белгілейді. Ресейде экспорттық баж салынады. Мұнай өнімдерінің индикативтік теңгерімінің артуына жол бермеу мақсатында 2014 жылы ағымдағы жылғы маусымнан бастап РФ-дан мұнай өнімдерін жеткізу бойынша жалғыз оператор болып «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС (ҚМГӨ) айқындалды.

2014 жылға арналған индикативтік теңгерім 470 мың тонна дизель отынын және 670,8 мың тонна АИ-92 бензинін құрайды, ағымдағы жылғы мамырда Қазақстанда жоспарланған 263,8 тоннаның орнына 306,8 мың тонна АИ-92 бензині әкелінді. Мемлекет тарапынан шектеу болмағанда, қазақстандықтар күзде бензинге бажды есепке алған баға бойынша төлеуге мәжбүр болар еді. Үстіміздегі жылғы шілдеде РФ-дан импортқа тыйым салу ағымдағы нарықтық жағдайға байланысты орын алды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы маусымнан бастап РФ-да мұнай өнімдеріне баға күрт өсіп кетті. Көрсетілген кезеңде РФ ФМҚ Ачинский МӨЗ-дағы (Краснояр өлкесіндегі жалғыз зауыт) апатқа байланысты РФ-да ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында бензин экспорттауға шектеу енгізілді.

Яғни нарықтың жеке қатысушысына ҚР-дағы АИ-92 мен дизель отынына ағымдағы бөлшек бағаны ескеріп, ресейлік мұнай өнімдерін сатып алу экономикалық тиімсіз болатын жағдай қалыптасты.

- Ықтимал теріс экономикалық әсерге қарамастан, ҚМГӨ ішкі нарығын молықтыру мақсатында ағымдағы жылғы маусым-шілдеде ҚР-ға 27,3 тонна АИ-92 мен 40 мың тонна дизель отыны әкелінді. ҚМГӨ-ге жазбаша түрде жіберілген, ұйымдар мен уәкілетті әкімдіктер төлеген барлық өтінімдер 100 пайызға қанағаттандырылды. - деп атап өтті «Қамұнайгаз» АҚ бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары Ерлан Қойбағаров.

Ішкі нарықта жағдайды тұрақтандыру үшін ҚМГӨ ресейлік компаниялармен көлемдерді шығынға жазуға келісімшарт жасасуды жалғастыруда. Сонымен, тамызда 10 мың тонна АИ-92 мен 19 мың тонна дизель отынын әкелуді жоспарлауда.

Бұл ретте мұнай базалары мен ҚР МӨЗ АИ-92 қоры өңір сұранысын 9-10 күнге қамтамасыз етуге жеткілікті. ҚР МӨЗ-ден АИ-92 бензинін тәулік сайын тиеу 5,5-5,8 мың тоннаны құрайды, Қазақстанның ЖЖМ бөлшек нарығында дағдарыс күтілмейді.

-Бөлшек өткізуге қатысты, бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз» АМС желісі өңірлерде мұнай өнімдерін өткізуге шектеулер енгізбейді. Басқа нарық қатысушыларының АМС-ға енгізген шектеулері жағдайында ҚМГ АМС-да мұнай өнімдерін сату күрт өскені байқалады. Сонымен, ҚМГ АМС-да АИ-92 бензинін сату маусымға қарағанда шілдеде 15 пайызға өсті, ал тамызда маусымға қарағанда, көрсеткіш 27 пайызға дейін жоғарылаған, - деп қосты Е. Қойбағаров.

Қосымша ҚМГ ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп мұнай өнімдерін импорттық жеткізу экономикалық тиімсіз болған жағдайларда ҚР ішкі нарығын молықтыру мақсатында 2014 жылғы қыркүйекте ҚР МӨЗ-дағы мұнайды қайта өңдеуді 90-100 мың тоннаға ұлғайту мүмкіндігін пысықтауда.

Соңғы жаңалықтар